12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадада 183 оқушы алтын медаль алды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың ақтық кезеңінің қорытындысы бойынша 183 оқушы алтын медаль жеңіп алды.

Ал 274 оқушы күміс және 462 оқушы қола медаль алды. Осылайша еліміздің түкпір-түкпірінен келген барлығы 919 оқушы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қорытынды кезең олимпиаданың барлық алдыңғы кезеңі сияқты Oqylyq.kz платформасында электронды форматта өтті. Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау үшін олимпиада бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді, сондай-ақ тәуелсіз бақылаушылар процесті бақылап отырды. Енді республикалық жарыстың жеңімпаздары іріктеуден кейін олимпиадалық резервке түсіп, оларға оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Нәтижесінде Қазақстанның намысын IMO сияқты ауқымды халықаралық олимпиадаларда қорғайтын ұлттық құрама жасақталады», — деп айтты ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Айта кетейік, биыл медальдар саны былтырмен салыстырғанда көп. 2021 жылы республикалық олимпиадада 122 қатысушы алтын, 214 күміс және 349 қола медаль жеңіп алды.

Еске сала кетейік, республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 16 пән бойынша 266 805 оқушы, аудандық кезеңге 96 443 оқушы, облыстық кезеңге 14 369 оқушы қатысты, ал ақтық кезеңде 2 070 оқушы жүлделі орындарды сарапқа салды.

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы толық ақпарат https://daryn.kz сайтында жарияланады.

ҚазҰУ-дың еліміздегі  білім мен ғылымды дамытудағы рөлі

   әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -Қазақстандағы жетекші жоғары...

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл!

  Қазақ ұлттық университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)- Қазақстанның білім...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Сапалы білім-қоғам дамуының негізі

Сапалы білім – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі....

Ориентир для развития

В ежегодном Послании народу Казахстана Глава государства говорил о...