Келе жатқан 25.04.2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ Департаментінін жеке құрам арасында келе жатқан «1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай дәріптеу жұмыстары жүргізілді.
Дәріптеу жұмыстарын Қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойыншаі кеңесінің мүшесі Шавкат Абдуллаевич Исмаилов өткізді. Кездесу барысында көп ұлтты Қазақ еліндегі бірлік туралы, оның дәріптеу жолдары туралы талқыланды жәнеде Ш.А. Исмаиловпен «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» басты мақсаты ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті ортақ құндылықтарды сақтап қалу керек екендігін жеке құрамға жеткізді.
Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.