Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Amanat партиясының кезектен тыс съезінде барлық саланы монополиясыздандыру аса маңызды жұмыс екенін айтты. Ол осы үдерістен саяси жүйе де сырт қалмауы керек деп ойлайды. Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн.

«Яғни, саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күшке тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдік орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады. Қазір ұйым Мәжілісте және мәслихаттарда едәуір басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктердің жұмысына қатаң бақылау жасай алады. Президент партия қатарынан шыққанымен ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейді деп ойлаймын. Аманат – еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық. Саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан істерін жалғастыра береді», — деді Президент Amanat партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы осы орайда партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынатынын айтты.

«Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат», — деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шыққанын мәлімдеген болатын. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Жиынға әр өңірден келген делегаттар қатысып жатыр. 

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.