Мектеп оқушылары 17 маусымға дейін оқи ма? Министрлік жауап берді

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының жазғы демалысы қашан басталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде оқу жылы 17 маусымға дейін ұзартылады деген ақпарат тараған болатын.

«Орта білім беру ұйымдарындағы оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникулдық кезеңдерін министрлік «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына сәйкес айқындайды. Дәстүр бойынша биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Пандемия, шектеу шаралары кезінде рұқсат етілген білім сапасын арттыру және білім олқылықтарын толтыру мақсатында 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық мектеп оқушылары үшін (9, 11 сыныптардан басқа) жазғы мектеп ұйымдастырылады», — делінген Tengrinews.kz жіберген ресми сауалда білім Шолпан Каринова.

Ведомствоның мәліметінше, жазғы мектеп — оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік.

«Жазғы мектептегі сабақтар математика, тіл және басқа да негізгі пәндер бойынша өтеді. Жазғы мектепте оқу бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді.
Министрлік мектеп оқушыларына жазғы мектепке баруды ұсынады, шешімді ата-аналар мен оқушылар қабылдайды», — деп толықтырды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Абай университетінде жаңа Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...