Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентін лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Эммануэль Макронды Француз Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Эммануэль Макронның сайлаудағы айқын жеңісі Францияның ұлттық мүддесін қорғау және елді өркендету жолындағы оның қажырлы қызметіне халықтың берген жоғары бағасы мен сенімінің айғағы деп атап өткен.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін өзара күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.

Осыған байланысты Қазақстан мен Франция арасындағы сан қырлы ықпалдастықты нығайту жолдарын талқылау үшін өзара қолайлы уақытта Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Франция көшбасшысына сарқылмас күш-қуат және аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас француз халқына мол бақыт пен құт-береке тіледі.

Президент Тоқаевтың 30 жылдан астам уақыттағы айтқан сөздері бір кітапқа топтастырылды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 30 жылдан астам уақыттағы маңызды ой-пікірлері алғаш рет бір кітапқа топтастырылды. Басылымға не енді?

Алматыдағы жаңа стадион 2028 жылы пайдалануға беріледі

УЕФА-ның төртінші санатына сәйкес салынатын спорт нысаны халықаралық деңгейдегі матчтар мен ірі спорттық іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

26%-ға төмендеген өлім-жітім: Неге скринингтен өтуге қорықпау керек? 

Елімізде жыл сайын онкологиялық аурулардың шамамен 43 мың жаңа жағдайы анықталады.

Қазақстан академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионатында бақ сынайды 

Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Семён Первушкин және Дмитрий Ануприев ел намысын қорғайды.

Қазақстан Орталық Азиядағы ең дамыған ел атанды 

Қазақстан Legatum Prosperity Index 2026 халықаралық рейтингінде Орталық Азия мемлекеттері арасында көш бастап, әлемнің 161 елі ішінде 66-орынға ие болды.