12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордада жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

Елордадағы «City Transportation Systems» ЖШС-да қалалық мәслихат депутаттарына қоғамдық көлікте жол ақысын электронды төлеудің жаңа жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Депутаттық корпус ретінде, бұл саланың ашық болуына мән беріп отырмыз. Сондықтан шешім қабылдау кезінде жүйенің сапасы мен тиімділігіне ерекше екпін қойылған. Жаңа жүйенің негізгі өлшемшарты ретінде оған жылдам әрі бірқалыпты өту, жол ақысын тиімді бақылау және жеңілдігі бар санаттағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау ескерілген», — деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Владислав Сергеев.

Атап айтқанда, қазіргі кезде қызмет көрсетушілер арасында бірнеше компания бар – «Innoforce solutions» (Avtobys) ЖШС, «SMSBUS» ЖШС, «БПЦ Қазақстан» және «Технодата» ЖШС консорциумы. Сонымен қатар, депутаттарға өз жүйесін қарастыру үшін «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС «Оңай» жүйесін ұсынды.

Әр компания өздері ұсынып отырған жол ақысын төлеу жүйесінің артықшылығымен таныстырды. Осы орайда VISA және Mastercard банк карталарымен, NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы, Bluetooth және басқа да төлем жүйесі қамтылған. Жолақы төлеудің жаңа жүйесі көлік карталарын толтырудың онлайн режиміне көшуді де қамтиды.

Белгілі болғандай, бүгінгі таңда астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны орташа 650 мың сапарды құрап отыр. Жолаушылар жол ақысын екі жолмен төлей алады – бұл көлік картасымен және QR-кодты сканерлеу арқылы. Ол үшін әртүрлі қосымшалар бар (Transcard, Kaspi.kz, Homebank, ұялы байланыс операторларының қосымшалары және тағы басқа). Жол жүру құны 7 жыл бойы 90 теңге деңгейінде сақталған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жылдың 18 қазанынан бастап елордада бірнеше қоғамдық көлік бағдарларында пилоттық режимде үш кәсіпорынның жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі тестілеуден өтіп жатыр. Әрбір жүйе егжей-тегжейлі қарастырылып, олардың ең тиімдісі, сондай-ақ жолаушылар үшін қолайлысы анықталатын болады.

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Собрать деньги и… исчезнуть 

ТРАДИЦИОННОЕ СТРЕМЛЕНИЕ КАЗАХСТАНСКИХ РОДИТЕЛЕЙ ОБЕСПЕЧИТЬ ДЕТЯМ ЛУЧШЕЕ БУДУЩЕЕ В...

Рассмотрен план бюджета Алматы

АЛМАТИНСКИЙ МАСЛИХАТ НА ВНЕОЧЕРЕДНОЙ XXХIХ СЕССИИ УТВЕРДИЛ КЛЮЧЕВЫЕ ДОКУМЕНТЫ,...

Фитосанитарная безопасность зернового региона

ЗЕРНОВОЕ ПРОИЗВОДСТВО ДАВНО СТАЛО НЕ ПРОСТО ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ОПОРОЙ АКМОЛИНСКОЙ...