“7-20-25” ипотекалық бағдарламасының мерзімі ұзартыла ма? Ұлттық банк жауап берді

12 сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев аяқталуға шақ қалған  “7-20-25” бағдарламасының мерзімін ұзартуды ұсынған еді. Алайда ҚР Ұлттық банкі  жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның мерзімін ұзарту мәселесін қарастырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Халық пен банктер бұл бағдарламаны жалғастыруды ұсынып отыр. Қазір біз де осы мәселені көтеріп, Ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірге белгісіз. Біз бұл мәселені әлі талқылап жатырмыз», – деді Өскенбаев үкімет отырысында.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісінің сауалына берген жауабында «7-20-25» жеңілдетілген бағдарламасы қазір жалғасып жатқанын және оны аяқтаудың нақты мерзімі жоқ деп жауап берді.

«Бағдарлама 1 триллион теңге көлеміндегі қаржыландырудың индикативті сомасына жеткенше жалғасады. 2022 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы бойынша 533,9 миллиард теңгеге 42 375 несие берілді. Бүгінгі күні  «7-20-25″ бағдарламасына түзетулер мен толықтырулар енгізуді Ұлттық Банк қарастырып отырған жоқ», – деп жауап берді Ұлттық Банкте.

Бұған дейін «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін аяқталатыны хабарланған болатын.

Айта кетейік, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 7%. Ал бастапқы жарнаның мөлшері тұрғын үй құнының 20% құраса, несиені өтеу мерзімі – 25 жылға дейін созылады.

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...