Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттайды

Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айында азық-түлік тауарларының бағасы 5,8% өсті, ал жылына 15,4% көтерілді. Бағаның қымбаттауын ең көп Ақтөбе және Жамбыл облыстарының тұрғындары сезінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz сарапшыларының есебіне сәйкес, Шымкент (плюс 7,3%) пен Түркістан облысының (плюс 7,2%) көрсеткіштері де ең пессимистік көрсеткіштер қатарында болды.

Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп өсуі Ақтөбе облысында – 18,5%-ға, Түркістан облысы мен Шымкентте – 17,2%-ға, Жамбыл облысында – 16,7%-ға тіркелді.

Сарапшылар жыл сайынғы динамикадағы азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлерінде бағаның айтарлықтай өсуі байқалғанын атап өтті.

Жемістер мен көкөністер бірден 25,9%-ға, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер – 24,7%-ға, майлар мен тоң майлар – 17,4%-ға, нан өнімдері мен жарма – 13,6%-ға, балық және теңіз өнімдері – 13,1%-ға қымбаттады. Ет, оның ішінде ет өнімдері – 12,9%-ға, сүт өнімдері – 11,8%-ға өсті.

Сәуір айының толық деректері әлі жоқ. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, теріс динамика жалғасуда.

Мәселен, 1 сәуір мен 12 сәуір аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тікелей мемлекет бақылайтын және реттейтін бағалар тағы 1,8%-ға, ал жыл басынан осы күнге дейін бірден 13,4%-ға көтерілді.

Айта кету керек, бұл қиыншылықта Қазақстан жалғыз емес: азық-түлік бағасының рекордтық өсуі бүкіл әлемде байқалады.

Ай сайынғы баға өзгерістерін көрсететін ФАО азық-түлік бағасының индексі (FPI) 159,3 тармақты құрады, бұл 2022 жылдың ақпанынан 12,6%-ға жоғары. Наурыздағы көрсеткіш 1990 жылдан бері жиналған бұрынғы рекордтардың барлығын жаңартты.

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G желісі толық өшіріледі

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G мобайл байланыс желісін толық өшіріп, оның орнына 4G желісін дамыту жоспарланып отыр.

Қазақстанда декреттегі әйелдің зейнетақы жарнасына аударылатын қосымша төлем тоқтайды. Бұл не білдіреді?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алатын әйелдер үшін қосымша зейнетақы жарнасын аударуды тоқтатады. Алайда бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем сақталады.

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Астанада жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерге теориялық емтиханды онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Енді тестілеуден өту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

2027 жылы Қазақстандағы жастар қандай бағдарламамен үй ала алады?

Қазақстанда жастарға баспана алуына мүмкіндік беретін бірнеше ипотека бағдарламаcы бар. Олардың жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталады.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?