«Мұғалімдердің біліктілігін тексеретін тест алынып тастала ма?»: Министр жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпжылдық өтілі бар педагогтер неге ұлттық біліктілік тестілеу сынағын тапсыратынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Университет бітірген 32 мың студент тестілеуден өте алмай қалғанын айттым. Олар да бізге ренжіді. «Біз жаңа ғана университеті бітіріп жатырмыз. Біліміміз әлі ескірген жоқ. Неге біздің біліктілігімізді тексерулеріңіз керек?», — деген сұрақ қойды. Біз айтамыз: «Себебі сіздер балалармен жұмыс істейсіздер. Сіздердің білімді, білікті болғандарыңыз маған керек емес, жалпы мемлекетіміз үшін қажет», — деп жауап береміз. Сол сияқты 15 жыл болсын, 10 жыл болсын тәжірибесі бар мұғалімдерге де осы мәселе тиесілі», — деді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, мұғалімдерді тестілеу арқылы сынауды олардың біліктілігін жоққа шығару деп қарамау керек.

«Бұл- мұғалімдердің 5 жылда бір рет өзінің құзыреттілігін дәлелдеу үшін бұрыннан келе жатқан үрдіс. Әрі тест мұғалім өз біліктілігіне сай үстемақы алуы үшін тапсырылады. Сондықтан бұл жұмыс жалғасын табады», — деді Аймағамбетов. 

Министр біліктілік тестінен өтпеу маманның мұғалім болып жұмыс істеу құқығын шектемейтінін айтып өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 14 сәуір күні мұғалім біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. Кейін Ұлттық тестілеу орталығы оқиғаның мән-жайы туралы айтты. 

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Абай университетінде «Мектеп және жоғары оқу орнындағы білім берудегі...

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....