12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Үй бөлісу дауы медиациямен реттелді

Байғанин аудандық сотында талап қоюшы Г.-ның жауапкер А.-мен арасындағы тұрғын үйді ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігіндегі үй деп танып, ондағы үлесін ½ мөлшерінде анықтап, өз үлесін ақшалай түрінде өндіруді сұраған талап қою арызы бо­йынша азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы Г. мен А. бұрын заңды некеде тұрған, заңды некесі бұзылған, араларында жастары кәмелетке толмаған 3 балалары бар.
Үй жауапкердің атына тіркелген, алайда тараптар қазіргі кезде мүлікті бөлісу мәселесі бойынша ортақ шешімге келе алмаған.
Талап қоюшы сотқа жүгінерден бұрын даулы үйдің нарықтық құнын анықтау үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жүгінген, осы серіктес­тіктің аналитикалық анықтамасында тұрғын үйдің нарықтық құны 8 866 000 теңге деп көрсетілген.
Істі сот талқылауына дайындаған кезде тараптар талап бойынша кәсіп­қой емес медиатордың ықпалдығымен жасақталған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынып, оны бекітуді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Дауды (жанжалды) медиация тәр­тібімен реттеу туралы келісімге сәйкес жауапкер А. талап қоюшы Г.-ның біріккен ортақ меншігіндегі тұрғын үйдегі үлесін 4 433 000 теңгені 2022 жылғы 26 мамырға дейін қайтаруға міндеттелген.
Талап қоюшы Г. жауапкер А.-мен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келуіне байланысты талабынан бас тартады, егер келісім белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда атқару құжатын жасақтап, сот орындаушысына жүгінеді. АПК-нің 277, 278-баптарына сәйкес, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және шағым бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары тараптарға түсіндірілді. Осы кодекстің 278-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.
Соттың ұйғарымымен талап қоюшы Г.-ның жауапкер А.-ға тұрғын үйді ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігіндегі үй деп танып, ондағы үлесін ½ мөлшерінде анықтап, өз үлесін ақшалай түрінде өндіру туралы талап қою арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиа­ция тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді. Бұл шағым бойынша іс жүргізу тоқтатылды. 44 330 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Е.Жеткерген,
Байғанин аудандық сотының төрағасы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...