12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЗК-169/1 тергеу изоляторында жедел кеңес отырысы өтті

ЗК-169/1 тергеу изоляторында 2022 жылдың І- тоқсанында мекемедегі атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры А.Битаевтің төрағалық етуімен жедел кеңес отырысы өтті.

Жедел кеңеске Қызылорда облысының ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж. Әбдіқайыров пен бөлім бастықтары, жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлер қатысты.

Жиынды департамент бастығының орынбасары ашып беріп, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібі бойынша мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары,әділет майоры Қ.Олжабаев І — тоқсанда атқарылған жұмыстардың қортындысы жайындағы баяндама оқыды.

Баяндаманы тыңдаған Ж.Әбдіқайыров мекеменің қауырт жұмысы барысындағы жіберілген кемшіліктеріне аса назар аударды.

Соның ішінде тінту іс-шарасын жүргізетін жауапты мамандар тарапына сын-ескертпелер айтылды. Жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында, бұл жауапты іс-шараға облыстық кинолог мамандарды шақырып, қатыстыру керек екендіктерін ескертті. Және алдағы уақытта өзіндік қауіпсіздік тобымен меморандум жасалып, төтенше тексеруді жиі ұйымдастыру жайында ұсынысын білдірді.

Сондай-ақ, меке қызметкерлерінің белсенділігін арттырып, тәрбиелілік жұмыстарға тарту мақсатында, жеке құрам арасында әртүрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, қызметкерлердің қоғамдық іс-шараларға қатысуына көңіл бөлу бойынша кадр саясат тобы тарапынан атқарылар жұмыстарды жандандыру керек деген тапсырмалар берді.
ҚАЖ қызметкерлерінің имидждік сыйпатын көтеру мақсатында мекемедегі атқарылған жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауда суреттердің сапасына ерекше мән беру керектігін басты назарда ұстауды тапсырды.

Жиын соңында әділет майоры А.Битаев жоғарыда көрсетілген сын-ескертпелерді жою бойынша және айтылған ұсыныстар мақсатында барлық іс шаралар қабылданатынына сенім білдірді.

Семей қаласының №21 мекемесінде патриоттық жүгіру өтті

Семей қаласының N 21 мекемесінде патриоттық жүгіру өтті. Шара...

Проведена религиозная лекция для осуждённых

В мае текущего года в учреждении №3, подведомственном Департаменту...

Қоныс колонясындағы сотталғандармен діни дәріс өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне...