Жаңаөзенде қыркүйекке дейін су кесте бойынша беріледі

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында ауыз су қыркүйек айына дейін кесте бойынша берілмек. «ӨзенИнвес» коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, жаз айларында үздіксіз қамтамасыз ету үшін ауыз су жеткіліксіз екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

«Су тұтынудың бірден өсуіне байланысты Жаңаөзенде және маңындағы елді мекендерде 18 сәуірден бастап алдағы мамыр, маусым, шілде және тамыз айларында ауыз су кесте бойынша беріледі», — деп мәлімдеді коммания. 

Кәсіпорын тұрғындарды суды тиімді пайдалануға шақырды. Жеке тұрғын үйлерде көшеттерді тамшылата суару әдісі арқылы суаруға шақырды. Себебі бұл суды үнемдейді екен. Сонымен қатар үйде құдық немесе су құюға арналған резервуар болғаны дұрыс. 

Су мәселесі қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын суды тұщыландыратын құрылғының құрылысы аяқталған соң шешіледі. Зауыт 2024 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған. 

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.

Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды

24 сәуірде Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – ДСМ 

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды.

Еуроодақ санкциясының 20-пакетіне Қазақстан компаниясы да ілікті 

Еуропалық Одақ Кеңесі Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады.