4 проценттік автокредит: Көлікті кезексіз кімдер ала алады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 4 проценттік автокредит бағдарламасына кезекке тұру және құжат тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, алдымен бұрынғы бағдарлама бойынша кезекке тұрған адамдардың құжаттары қаралады. Бүгінде олардың саны 15 мыңға жуықтайды.

«Әрине, соларға беріледі. Банктер жаңадан адам іздегенше бірінші тіркеліп қойған адамдарға береді ғой», — деді Өскенбаев. 

Министрдің айтуынша, бұған дейін автокредит берген банктер бағдарламаға қатыса береді. Себебі олардың онлайн-платформасы, яғни электронды кезек жүйесі бар.

«Бүкіл банктер қатысады. Бұл бұрынғы бағдарламаның жалғасы ғой. Сейсенбі күні үкімет шешім қабылдады. Енді оны ресми түрде тіркейді. Өзінің тәртібі бар ғой. Айдың соңында басталады», — деп атап өтті Өскенбаев.

Осы орайда министр ақшаны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі емес, экология министрлігі бөлетінін ерекше атап өтті. Себебі «Жасыл даму» АҚ осы мемлекеттік органға қарайды. Сол ұйымның есебінен қаржы аударылады.

«Біз автокредит тәртібін бекіттік қой. Енді экология министрлігі ақшаны бөліп, қандай жолмен жұмсалатынын бекітуі керек. Олардікі де айдың соңында бекітіледі», — дейді Өскенбаев.

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасында әлеуметтік осал топтарға жеңілдік беріледі. Олар көлікті кезексіз рәсімдей алады.

«Дәл сол адамдарға арналған бағдарлама ғой. Олар кезекте бірінші болып тұрады. Соларға басымдық беріледі, жеңілдік жасалады», — деді Өскенбаев.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.