Ақтөбе облысында бұрынғы департамент басшысы пара алғаны үшін сотталды

Ақтөбе облысында Экология департаментінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мәліметіне сілтеме жасап.

«Биыл 13 сәуірде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімі бойынша, облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 12 миллион теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды», — делінген хабарламада.

Ведомсвто мәліметінше, Нұржан Аққұл былтыр 19 желтоқсанда Ақтөбе облысының Экология департаменті басшысы ретінде кәсіпкерлік субъекті директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін ұсталған. Параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алғаны айтылған.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...