Қазақстандықтар үшін 12- сәуір косманавтика күні ерекше күн болып саналады.
Қазақстан жерінде ғарыш айлағы Байқоңыр орналасқан. Бұдан 61 жыл бұрын тұңғыш ғарышкер Байқоңырдан айға аттанып, аспан әлемін бағындырды.
Осыған орай, ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамына патриоттық тәрбие беру мақсатында мекеменің жас жас қызметкерлері қаламыздағы Әбілда Тажібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасында барып, көрмемен танысып қайтқан болатын. Кітапханада олар космонавтика тақырыбында жазылған шығармалармен танысты.
Кітапханашылар погондағыларға «Тұңғыш ғарышкерлер» деген тақырыпта дайындалған көрмеге шолу жасады. Сондай- ақ, көрме сөрелеріне қойылған
Л .Лебедевтің « Сыны голубой планеты» деген кітаптағы түрлі-түсті суреттері бар иллюстративті шығарманы қолдарына алып, қарап шықты. Бұл кітаптан олар тұңғыш ғарышкерлер мен тұңғыш инжинерлер, космонавтика ғалымдары жайлы танып білді.
Әсіресе, дүние жүзілік косманавтика өкілдері қатарында қазақ ғарышкерлерінің болуы ерекше әсер берді. Өйткені, жеке құрам Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев , А.Әлімбетовтердің есімін мақтаныш тұтады. Жасампаз тұлғалардың бойындағы ермінезділік, қайраттылық пен ұстамдылық қасиеттерін жеке құрам өздерінің қиын да қауырт қызметінде үлгі тұтып жүреді.