Кентау пробациясы сотталған жастарды Бестемше ойынын арқылы тәрбиелеуде. Түркістан облысы Кентау қалалық пробация қызметі «Бестемше» зияткерлік орталығымен бірлесіп пробация есебінде тұрған сотталғандар арасында «Қазақтың ұлттық Бестемше ойынын жаңғырту» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардан кейін пробация есебінде тұрған жастар бестемше ойынын ойнады.
Аталған шараның мақсаты – Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын түрлері бар екенін жастарға дәріптеу.
-Үстел ойыны туралы не білеміз? Әрине, үстел ойыны дегенде ең алдымен еске түсетіні – ханталапай, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ. Бүгінде бүкіл әлемде үстел ойынының танымалдығы күн санап артуда. Осындай ерте заманда ата-бабаларымыз қой бағып жүргенде ойнаған «Бестемше» ұлттық ойыны туралы біреу білсе, екіншісі білмесі анық. Аталған ойын ми жұмысын дамытумен қатар жақсы қарым-қатынас орнатуға жәрдемдеседі. Бір қызығы, ойын адамға ережелерді есте сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, әділдікті ұмытпауға үйретеді. Осындай дана халқымыздың кешек ұрпағына мұра етіп қалдырған ойынды жастарға үйретуді жөн көрдік. Тағлымға және ұлттық салт-дәстүрге, логикаға толы бестемше ойыны арқалы есепте тұрған жастарды тәрбиелесек. Олардың бос уақытын тиімді пайдалану және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында алдағы уақытта бестемше ойынын жарыс ұйымдастыруды қолға алсақ деген ниетіміз бар, — деді Кентау қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Атабек Исаев.

Осындай төрт мың ғасырлық тарихы бар ойынның жаңа үлгідегі тақтасын ойлап тапқан ұлттық ойындарды Филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, зерттеуші, ғалым Мақсат Шотаев пен Нұр-Сұлтан қаласы Төғызқұмалақ қауымдастығының атқарушы директоры, Халықаралық тоғызқұмалақ федерациясының жаттықтырушысы, төреші Жандос Полатбеков. Осы екі азамат аты бар да, заты жоқ болып келген ойынды қайта жаңғыртып әлемнің 25 еліне таныстырып үлгерді.
-Мен мектеп қабырғасында жүргенде тоғызқұмалақ ойынын ойнайтынмын. Ал, бүгін алғаш рет бестемше ойынын ойнадым. Ойын ережесін түсіндіргенен кейін, маған бұл ойынды ойнау аса қиынға соқпады. Бестемше ойынан жарыс өткізілсе міндетті түрде қатысамын. Ойын дегеніміз ол тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы, — деді пробация есебінде тұрған Ақәділ.