12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Санкция беруде негізге сүйену маңызды

Атырау облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Уалиеваның төрағалығымен «Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау және ҚПК-нің 106-бабының тәртібінде шағымдарды қарау барысындағы тергеу соттарының құқық қолданудағы өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға облыстық соттың қылмыс­тық істер жөніндегі сот алқасының судьялары, Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы мен судьялары, облыстың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Кездесу барысында сотқа дейінгі сатыға бақылауды күшейту туралы мәселе қозғалды. Т.Уалиева қамауда ұстауға санкция беру және оны ұстау мерзімін ұзарту мәселесіне мұқият қарау қажеттігіне назар аударды. Күдіктің негізділігін тексеру, қамауда ұстауға санкция беру үшін негіздің бар-жоғын мұқият зерделеу қажет екенін атап өтті.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Д.Тухфатова ҚПК-нің 106-бабы тәртібінде шағымдарды қарау бойынша құқық қолдану практикасы мәселесін қозғады. Сонымен қатар, тергеу судьяларының тәжірибеде кездесетін өзекті мәселелер жайындағы сұрақтары талқыланды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...