Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің басшысы ұсталды

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша, әуежайды басып алуға жол берді. Салдарынан әуежайға айтарлықтай зиян келтірілді. Оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланды, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді», — деді ол ОКҚ-дағы брифингте. 

Елдос Қилымжановтың айтуынша, сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Олардың бәрі шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруымен қамтамасыз етілген.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады 

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.