spot_img
spot_img

Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін бе?

Қазақстанда әлеуметтік нан қымбаттамайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов ОКҚ брифингінде айтты. 

«Нан туралы сөз қозғағанымызда оның екі түрі барын ескерейік: біріншісі — әлеуметтік нан. Оның бағасы мемлекет тарапынан бекітіліп, мониторинг жасалады. Яғни әлеуметтік нан дегеніміз — бірінші сұрыптағы ұннан жасалатын қалыпты нан. Оған ерекше назар аудару керек. Оның бағасы өңірлерде тұрақты. Бағасы өзгермейді. Егер ұн өндірістерінде тапшылық не басқа да қымбаттау болса, бұл жағдайда субсидиялау бойынша бағдарлама іске қосылады. Өңірлерде нанды қазіргі баға бойынша өндіру белгіленеді. Айырмашылығы мемлекет тарапынан субсидиялау бойынша төленеді. Яғни әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ», — деді Сұлтанов ОКҚ брифингінде. 

Азат Сұлтанов басқа нан өнімдері — круасан, багет және тағы басқасының бағасы шикізат бағасына қарай белгіленетінін атап өтті. 

«Бірақ тағы қайталап өтейін әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ», — деді Сұлтанов. 

Впервые в Алматы провели уникальную операцию с сохранением репродуктивной функции женщины

В Городской перинатальный центр №2 Алматы на плановую госпитализацию...

Шымкенттен келген дәрігер Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада мастер-класс өткізді

Облыстық ауруханада Шымкент қаласының №1 ЖМКҚ жедел нейрохирургия бөлімінің...

Рынок труда и цифровизация

В ходе международной конференции «Эффективное управление для экономического развития...

Ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылық азаяды – Тамара Дүйсенова

Ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралады. Бұл...

Жұмыс берушінің де құқығы қорғалады

Алматыда Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Жұмыс берушілер қызметі жөніндегі...