Қазақстан елшісі АҚШ президенті Байденмен кездесті

4 сәуірде Ақ үйде өткен протоколдық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипат лебізін жеткізіп,  Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өткені хабарланды.

«Өз кезегінде, америкалық басшы екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын хабарлады», — деді СІМ өкілдері.

Спорт денсаулық кепілі

Қазіргі уақытта қоғамда денсаулық сақтау мәселелері басты назарда. Спорт...

В Карагандинской области после модернизации открылись три железнодорожных вокзала

В Карагандинской области после завершения модернизации открылись железнодорожные вокзалы...