Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5G технологиясы сынақтан сәтті өткені туралы баяндалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, цифрландыру және IT саласының даму перспективалары жөнінде, сондай-ақ телекоммуникация бағытындағы жұмыстың сапасын арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді.

Министрдің айтуынша, адам мүддесіне қызмет ететін сервистерді енгізу аясында ең қажетті деген 18 құжат жеке деректерді қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, платформаны танымал ету арқылы цифрлық форматқа ауыстырылған.

Бұдан бөлек Бағдат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «цифрлық теңсіздікті» жою, интернетпен қамтамасыз етуге және оның сапасына қатысты бақылау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы да есеп берді. Былтыр 628 елді мекенде Интернет сапасы жақсартылса, биыл тағы да 140 ауылда осындай жұмыстар жүргізілмек.

Президентке мобильді операторлардың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G технологиясы сынақтан сәтті өткізілгені туралы баяндалды. 2022 жылы республикалық маңызы бар қалаларда коммерциялық мақсатта іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар министр телекоммуникация нарығын одан әрі дамыту жоспарын ұсынды. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының компаниялар тобын монополиядан арылту жұмыстары жүргізіледі, бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар заңнамалық бастама қабылданбақ.

Бағдат Мусин Президентке Қазақстанды цифрландыру аясында энергетика, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жерді қашықтан зонттау спутниктерін пайдалана отырып, су және жер ресурстарын мониторингтеу саласындағы бірқатар стратегиялық жоба туралы баяндады.

IT саласын дамытуға баса мән берілді. Astana Hub технопаркінің жұмысы, соның ішінде шетелдік IT компанияларды Қазақстанға әкелу туралы айтылды.

Президент отандық IT секторды қолдауға бағытталған нақты шаралар әзірлеуге және халықаралық нарықта жетістікке жеткен шетелдік IT компанияларға көмек көрсетуді тапсырды.

Кездесу барысында министр «ҰАТ» акционерлік қоғамының ресурстары негізінде осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар отандық IT компаниялардың сарапшыларын тарта отырып, цифрландыру платформасын құруды ұсынды.

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...