Қазақстанда әлеуметтік төлем мөлшері көбейеді

Қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 2022 жылғы 1 сәуірден республикалық бюджетті мынадай көлемде бекіту жоспарланды:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшері – 48 032 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш  – 3 180 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы  – 37 389 теңге.Сонымен қатар 2022 жылғы 1 сәуірінен бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдері және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдері 4%-ға өседі.Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін АшықНҚА веб-сайтында жарияланды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.