Сыбайлас жемқорлық ел болашағына қауіп төндіретін құбылыс. Оны жеңу үшін қоғамның барлық күш-жігерін біріктіру қажет. Қоғам дертінің одан әрі ушықпауы үшін, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана, сыбайлас жемқорлық құбылысына қарсы тұра аламыз. Қоғамда жегі құрттай жайлаған осы дерттің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Алайда ара-тұра осы келеңсіз жағдайлар ортамыздан орын алып жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қоғам, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктердің бірігіуімен ғана қарсы тұруға болады. Еліміздің өркендеуі, дамуы адал және сатылмайтын азаматтардың қолында – деп ойлаймын.
Б.Ерденбеков,
ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің бастығы, әділет майоры