12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ажырасуды ар санаса отбасы сақталады

   Ата-бабамыз ешқашан жетім мен жесірін жылатпаған! Өйткені ата-бабаларымыздың иманы күшті болды, ажырасу дегенді ар санаған.  Обал болады  деген түсінікпен сауап жасаған. Әке алдына шықпаған ана мен бала тәрбиесі мықты болатын отбасының берекесі отағасынан танылатын. 
    Қазіргі уақытта жастарымыз бүгін үйленіп, ертенгі күні ажырасып, баланы әкесіз өсіруді әдетке айналдырып, модаға айналғаны қынжылтады. Кейбір жастар ажырасуды талап етіп, алимент қажет емес балаларымды өзім асыраймын, тез арада айыруды сұрап сотқа арыз береді.
    Ақылға салынбай, асығыстық жасап баланы асырауға қиындық туған  кезде,  алимент қажеттігі естеріне түсіп қайта сотқа арыз бере отырып, бірден алимент алуды талап ететін арыз берушілерде бар.  
     Алайда алимент балаға әке бола алмайтынын ескерсе, баланың әкесіз өсіп, оның болашағы қандай болады деген ой келеді.  
    Айта кету керек  жеңіл өмірді жақсы көретін, бір күндікпен өмір сүретін ата-аналарда кездеседі, кішкентай балаларының барына қарамастан басқа  жаққа өзге адамға тұрмысқа шығып кетіп жатырғандарда кездесіп жатады.
     Ауданымызда неке бұзу деректері азайма отыр, статистикалық деректерге тоқталсақ 2022 жылдың бірінші тоқсанында отбасылық дауға қатысты 4 азаматтық іс бойынша 2-нің некесі бұзылса, біреуі отбасын сақтау мақсатында өз-ара татуласып медиация арқылы аяқталған, ал 1-і қараусыз қалдырылған. Өткен жылдың бірінші тоқсынымен салыстырып қарасақ 5- неке бұзу туралы арыз сотқа түскен, оның 4-нің некесі бұзылған. 
   Ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік соңы ажырасуға әкеледі. Ал түсініспеушіліктің өзі ұсақ нәстеден басталып, соның салдарынан дауға айналып, балалардың мүддесі де аяқасты болады. Отбасының шырқы бұзылған уақытта балалар психологиялық, моральдық тұрғыда азап шегіп, күйзеліске ұшырайды.Сондықтан отбасының ынтымақтығын сақтап,балалардың болашағын жарқын етуге ерлі-зайыптылар  бірдей күш салысып, ажырасуды ар сана жақсы балар еді.  


 Зияш Зайнуллина, Бөкей ордасы аудандық сотының 
  кеңсе меңгерушісі                                                   

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...