«Аспантау-Қарадала»  кітапхана сериясы  жаңа жинақпен толықты

Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Ізгілік тамшысы» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Оның авторы журналист, Мәдениет саласының үздігі Назым Дутбаева. «Аспан» баспасынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжанова  мен генерал-полковник, заңгер Сәт Тоқпақбаевтың демеушілігімен жарық көрген бұл жинақ Назымның алғашқы кітабы. «Жетісу университеті» газетінің бас редакторының бұл жинағына шағын әңгімелері, мәдениет тақырыбына арналған мақалалары, сұхбаттары енген.

«Аспантау-Қарадала»  кітапхана сериясы идеясының авторы – ақын, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.     «Ізгілік тамшысы» бұл сериядағы алғашқы жинақ емес. Онда бұған дейін бірнеше кітап жарық көрген болатын.

      Назым Дутбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 1996-2000 жылдары бакалавр, 1996-2000 жылдары магистр дәрежесін алған. 15 жылға жуық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім редакторы қызметін атқарып, 2005-2006 жылдары «Қазақстан» телеарнасында «Ел» шығармашылық бірлестігінде редактор болып жұмыс жасады.

         Е.КЕБЕКБАЙ

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді (IESF World Esports Championship 2027) 

Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар...

КАК РОЖДАЮТСЯ НОВЫЕ НАУЧНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ

В современной медицине и здравоохранении наряду с фундаментальной теорией...

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау - заңдылықты қамтамасыз...