Жетісу көлік прокурорының нұсқауымен майнинг фермаларын анықтау бойынша Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері Алматы жол бөлімшесі мен магистралдық желі аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Жетіген-Алтынкөл аралығы «Құндызды» станциясының теміржол тұйығында майнинг операцияларына арналған 1-қабатты ғимарат анықталды.
Санкцияланбаған тінту барысында криптовалюталарды өндіру үшін майнингке арналған аппаратураның 130 жәшігі, аппаратураға арналған қатты дискілер мен қосалқы бөлшектер табылып, тәркіленді.
Майнинг фермасының ұйымдастырушыларының бірі мен операторлары анықталып және олардан жауап алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Осы жедел-іздестіру іс-шарасына жедел жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасарының басшылығымен Алматы1 станциясындағы ЖПБ криминалдық полиция бөлімшесі бастығы, жедел уәкілдер, Алтынкөл станциясындағы ЖПб бастығы және ЖҚАЖ қызметкерлері жұмылдырылды.
Алматы 1 ст. ЖПБ