Қазіргі өмірді жеке басын куәландыратын құжатсыз елестету мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы азаматының негізгі құжаты ол 16 жасқа толған кезде алатын жеке куәлігі болып табылады. Жаңа құжатты алу қызметінің қол жетімділігіне қарамастан, ЕС-164/1 мекемесіне бүлінген, мерзімі өткен немесе мүлдем жоғалған жеке басын куәландыратын құжаттары бар азаматтар мерзімді түрде келіп тұрады.
Мұндай жағдайларда тергеу органдары мен мекеменің қызметкерлері ұсталған адамдарды құжаттандыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Мәселен, мекеменің тәжірибесінде ҚР-ның 42 жастағы азаматының бірде-бір рет жеке куәлігін алмаған жағдайы болған. Петропавл қ.ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығына мекеменің арнайы есепке алу бөлімімен аталған азаматты құжаттандыру туралы өтініш берілді. Тергеу-қамауға алынғаннан 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының жоғалуына байланысты құжаттандыру ниеті туралы өтініш және жеке куәлік алу үшін мекеменің заң кеңесшісінің атына сенімхат алынды. Ішкі істер органдары мен мекеме әкімшілігінің күшімен оған Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы жеке куәлігі дайындалып берілді.
«ЕС-164/1 мекемесі» РММ
заң тобының заң кеңесшісі
Ә.С. Иржанова