2022 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайды

2022 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздердің қарауларыңызға 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылып отыр. Нақтылау аясында Мемлекет басшысының тапсырмалары, бағдарламалық құжаттардың іс-шаралары, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты шығыстар, сондай-ақ бұрын қабылданған шұғыл міндеттемелерді іске асыруға арналған қосымша қаражат ескерілді. Аталған бағыттар бойынша бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды», — деді ол.

Оның атап өтуінше, бюджет шығыстары 1,1 трлн теңге бюджеттің өз кірістері және 1,6 трлн теңгеге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайту есебінен арттырылады.

«Президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 трлн теңге бағытталатын болады», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Домбыраны ұшаққа алып кіру ережесі қаралып жатыр  

Музыкалық аспаптарды қол жүгінде немесе багажда тасымалдау ережесі олардың көлеміне байланысты белгіленеді.

642 млн теңге берешек: Еңбек инспекциясы жұмысшылардың құқығын қалай қорғайды? 

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады.

Алтын екі айда 15 пайыздан астам арзандады 

Ең үлкен құлдырау – шамамен 11 пайыз наурыз айында тіркелген.

Елімізде 1 мамырдан бастап не өзгереді? 

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді.

Право в режиме ожидания

В СЕНАТЕ ПРЕДЛАГАЮТ УСИЛИТЬ МЕРЫ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ЖИЛЬЕМ ДЕТЕЙ-СИРОТ,...