12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде сотталғандар карикатура салудан жарысты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде оған бағынысты КА-168/1, КА-168/2 және КА-168/3 мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында «Әзіл де, байыпты да» карикатуралар байқауы қорытындыланды. Бұған дейін карикатура байқауының алғашқы кезеңі облыстағы түзеу мекемелерінде сотталғандар арасында ұйымдастырылып, мекемедегі жазасын өтеушілер арасынан үздік танылғандардың туындылары байқаудың екінші кезеңіне, яғни департаментке жолданған болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқау сотталғандар арасында алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, байқауға қатысушы жазасын өтеушілердің қызығушылығы ерекше болды.

«Әзіл де, байыпты да» карикатуралар байқауының мақсаты-сотталғандарды мекеменің қоғамдық өміріне қатыстыра отырып, шығармашылық әлеуеттерін анықтау және қолдау. Сондай- ақ, сотталғандардың шығармашылыққа деген құрметтерін арттыра отырып, сүйіспеншілікке тәрбиелеу және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Бұдан бөлек, ҚАЖ мекемелерінде психологиялық қызметті жетілдіре отырып, сотталғандарға психологиялық қолдауды күшейту.
Мәселен, байқауда жүлделі 1 орынға ие болған КА-168/2 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші С., бостандықта жүрген кезінде кәсіптік түрдегі картиналарды салғанын айтады. Ал, 2 орынды иеленген осы мекемедегі жазасын өтеуші сотталған сурет салу бойынша еш жерде білім алмаған болса да, сурет салғанды ерекше ұнатады. Яғни, аталған байқау осындай жазасын өтеуші сотталғандарды қолдауда ерекше маңызға ие»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Жазасын өтеушілердің қолынан шыққан барлық карикатураларға тиісті деңгейде баға беру үшін Ақтөбе қаласындағы «More Life» қоғамдық қорының директоры Бибігүл Жулина және аталған қоғамдық қордың психолог маманы Меруерт Жаманова, сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің заңгері Ардақ Кушимов және департаменттің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының бас маманы әділет майоры Руслан Тулегеновтер қазылар алқасына тағайындалды.

Әр әзілді астарлап жеткізген жазасын өтеушілердің туындыларының арасынан жүлделі орынды анықтау әділқазылар алқасына да оңайға соқпады. Дегенмен, байқауға жолданған әр туындыға ерекше мән берген қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі 1 орынды КА- 168/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталған С., «Штаттық қысқартулар» және «Сұлулық құрбандықты талап етеді» тақырыбындағы туындыларымен жеңіп алды. 2 орынды да аталған КА-168/2 мекемесінде жазасын өтеуші Б., «Менің ішкі шайтандарым» және «Уәде берме» туындыларымен иеленді. Ал, 3 орын КА-168/1 мекемесінің шаруашылық жасағындағы жазасын өтеуші сотталғанның «Тергеу изоляторы» тақырыбындағы туындысына бұйырды.

Айта кету керек, «Әзіл де, байыпты да» карикатуралар байқауының соңында оған қатысқан барлық мекеменің жазасын өтеуші сотталғандары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық сотталғандар мекеме әкімшілігімен көтермелеу шарасына ұсынылды.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...