Алматы қаласы Алатау ауданындағы есепте тұрған сотталғандар арасында әлуметтік-психология және тәрбие жұмысы бөлімінің психолог мамандары, жазасын өтеп жатқан сотталғандармен, жеке қасиеттері мен мінез-құлқының оңбағытқа бет бұруына байланысты психологиялық тестілеу өткізілді.
Өткізілген шараның мақсаты сотталғандары жұмысқа ынталандыру, шаршау синдромын алдын-алу, мазасыздықтан, стресттен арылу және жүйкені тыныштандыру.
Тестілердің жауаптарына байланысты әр түрлі шешілмеген сұрақтарына көмектер беріліп, болашақта түзу жолға түсуге қолау көрсетіледі..
Д.Абдибаева,
Алматы қаласы Алатау ауданы ПҚ бөлімінің инспектор психологы
әділет аға лейтенанты