12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ департаментінің ұжымы сәбилерге қуаныш сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін айта келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Жақсылық жасауды үрдіске айналдырған Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде барып бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, сыйлықтар тарту етіп, қайырымдылық жасады.
«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген дана халқымыз. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Келер күннің айнасы. Оларды қуанышқа бөлеу- біздің парызымыз. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұжымы дәстүрлі түрде мереке сайын балаларға қуаныш сыйлаймыз. Бүгін де сәбилерімізге ең қажетті ойыншықтар тарту еттік»,-деді департамент бастығы Ш.Есенкелдиев.
Бүгінде сәбилер үйінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтар кездесетін 1-4 жас аралығындағы 50-ге жуық балалар тәрбиеленуде. Облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің қызметкерлері департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлына және ұжым қызметкерлеріне сый-сияпаттары үшін алғысын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...