Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Жалағаш аудандық пробация есебіндегі азаматтарға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы азық-түлік таратты.
Есептегі төрт азаматта тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар. Оларға бірінші кезекте қажетті ұн, қартоп, күріш, пияз және өзге де азық-түрлері таратылып берілді. Көмек алған есептегі азаматтар жомарт азаматтарға алғыс айтуда.
«Пробация есебіндегі азаматтар арасында жағдайы төмен отбасылар бар. Есептегі азаматтар болған соң, бәрінің жағдайын зерделейміз. Қажетті көмек түрлерін көрсетеміз. Жыл басынан 5 сотталғанға құқықтық көмек көрсетілсе, бүгін 4 сотталғанға азық-түлік таратып, әлеуметтік көмек көрсеттік. Алдағы уақытта да басқа да сотталғандарға осындай көмек түрлері көрсетілетін болады» — деді аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Б.Мырзахан.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД