12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық жасау – имандылықтың, парасаттылықтың көрінісі.
Елімізде көмекке мұқтаж, қаржылық қиындыққа тап болған әлеуметтік осал топтар аз емес. Оларға аз да болса демеу болып, қолдау көрсету мақсатында Төле би ауданында түрлі жобалар мен акциялар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Жақсылыққа жаны құмар азаматтар аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде.
Осындай игі амалдарға мұрындық болып, көмек көрсетіп отырған жомарт жандардың жақсылығын айтпау айып болар. Рамазан айының қарсаңында игілікті істен аудандық кәсіпкер Фарида Қабылбекова шет қалған жоқ. Қайырымдылық – қадірлі іс! Осы ұстанымға берік төлебилік кәсіпкер 100 отбасына көмек қолын созды. Кәсіпкер 60 отбасыға азық-түлік себетін үлестіріп, 40 отбасының медициналық сақтандыру төлемін жасауға қаржылай қолдау көрсетті. Төле би ауданының тұрғындары кәсіпкерге алғысын жеткізді.
– Өзім осы ауданда туып өстім. Сондықтан тұрғындардың жағдайына бей-жай қарап отыра алмадым. Қазіргідей қымбатшылық қысқан кезде ауылдастарыма аз да болса көмек қолын берейін деген ой келді. Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған бас бос­тандығынан шектеу жазасына тартылған жандарға да азық-түлік себетін тараттым. Оларды да қоғамнан шеттетпей, өмірде өз орнын табуына көмектесу маңызды, – деді кәсіпкер.
Төле би аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы Б.Сарыпбековтің айтуынша, қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету деп ұқпау керек. «Сөзбен де, іспен де, қаржымен де көмектесу – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?! Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Осы арқылы сотталғандарды қоғамға бейімдейміз. Қайрымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да игі істер жасау жоспарда бар», – дейді.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...