1 сәуір – күлкі күні қарсаңында Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 мекемесінде ұйымдастырылған «Әзіл- шыны аралас» атты карикатуралық суреттер конкурсы балалар үшін нағыз көңілді мереке болды.
Конкурсқа 10 жазасын өтеуші жасөспірім қатысып, «Қоянның қасқырға күлуі», «Қасқыр мен түлкі» «Жаңа жылдан кейінгі Аяз ата», «Екі бауырсақ», «Тісі жоқ қыз», «Кештен кейін», «Аяғы қисық қыз», «Ботекс жасаған қыз», «Доллар ұшып барады», «Карантиндегі ковид» сияқты тақырыптарда суреттер салды.
Әзілге құрылған суреттерді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің психологиялық ғылымдар докторы Алма Ақажанова, ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің мүшелері Омаржан Тохтиев пен Урунбу Тоқтағұлқызынан құрылған әділқазылар алқасы бағалады.
Әділқазылар барлық қатысушыларға жоғары баға беріп, жүлделі орындарға ие болған балаларды алғыс хаттармен марапаттады.