Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталды

Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Крематорийдің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорийді 2022 жылдың мамырында қосу жоспарда»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда крематорийдің жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ мәйтті кремацияға қабылдау ережелері әзірленуде. Айта кетейік, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланған болатын.

Тапсырыс беруші – Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы. Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге.

Комплексное обновление

«АЛАКОЛЬ – ОДНА ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ТУРИСТИЧЕСКИХ ТОЧЕК РЕГИОНА. ПОЭТОМУ...

Меморандум о партнерстве

ИЗВЕСТНО, ЧТО В РАМКАХ ГОСУДАРСТВЕННОГО ВИЗИТА ПРЕЗИДЕНТА ТУРЦИИ РЕДЖЕПА...

Величие простых героев

В Алматинской области прошло торжественное событие, которое выходит за...

«Фабрика корочек». Цена вопроса

ТРЕТИЙ МЕГАПОЛИС СТРАНЫ СНОВА ПОПАЛ В КРИМИНАЛЬНЫЕ СВОДКИ. КАЗАЛАСЬ...

Тюркский вектор цифрового развития

РАЗВИТИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА, ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ И УКРЕПЛЕНИЕ ЭКОНОМИКО-ТРАНСПОРТНОЙ СВЯЗАННОСТИ...