Қазақстаннан дәрі-дәрмек шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағынан дәрілік препаттарды шығаруға тыйым салатын бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

«Кез келген формадағы дәрілік заттарды, соның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ олардың өндірісіне қажетті материалдар мен құрамдас бөлшектерді шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады», — делінген құжатта.

Тыйымның мына тауарларға қатысы жоқ:

Қазақстан аумағынан тыс басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдармен тасымалданатын тауарлар;

пациенттердің тапсырысымен тек жеке пайдалану мақсатында дайындалған медициналық бұйымдар;

шет елдерге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін жөнелтілген тауарлар;

бөлшек сауда аясында жеке пайдалану мақсатында әкелінген және сатып алынған тауарлар;

МӘМС жүйесі бойынша немесе кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

көрме өткізу үшін одан әрі сату құқығынсыз көрмеге қойылатын дәрілер мен медициналық бұйымдар үлгісі;

клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер немесе сынақтар өткізу үшін түскен үлгілер;

денсаулық сақтау ұйымдарында оларды қолдану жерінде дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттар;

мемлекеттік тіркеудегі сараптама жүргізуге арналған үлгілер;

пациенттің немесе оған таңдалған донордың аутологиялық биологиялық материалдарын пайдаланып жеке қолдану үшін өндірілген жетекші терапияның дәрілік заттары;

ЕЭО кеден аумағына келген көліктердің жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен жүргізушілерін емдеуге арналған дәрі-дәрмек;

халықаралық мәдени, спорт шаралары мен халықаралық экспедици қатысушыларын емдеуге қажетті дәрілік заттар.

Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Миллиондар бөлінсе де, Ақмолаға дәрігерлер неге тұрақтамайды?

Бас ауырып, балтыр сыздағанда іздейтін ақ халатты абзал жандар...

Әкелер де декретке шыға алады. Қазақстанда жәрдемақыны кім алып жүр? 

2026 жылдың бес айында бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алғандардың 99,8%-ы – аналар, ал әкелердің үлесі небәрі 0,2%-ды құрады.

Елімізде бір тәулік ішінде бес орман өрті тіркелді 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.

Журналист мәртебесі қалай өзгерді? Қазақстандағы БАҚ саласындағы басты өзгерістер 

Соңғы жылдары Қазақстанда медиа саласын реттейтін заңдар жаңартылып, журналистердің құқықтық мәртебесі күшейтілді. Сонымен бірге кәсіби жауапкершілікке қойылатын талаптар да артты. 

БҰҰ: Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті 

24 маусым кешінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін елде ауқымды гуманитарлық дағдарыс қалыптасты.