Республикалық «Пробация» атты жедел профилактика іс шарасы басталды. Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаметінің Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінің және Алатау аудандық полиция инспекторларымен бірлесе есепте тұрған тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша бірлескен тексерістер жүргізілді.
Іс шараның мақсаты пробацияда есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауын алдын алу.
Қазіргі уақытта Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 562 адам тіркеуде тұр. Тексеріс барысында инспекторлар есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындауды және қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамау керек екендігін қатаң ескертіп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізді.
Сотталғандар іс-шарада құқықбұзушылыққа тартылса оларға ескету беріледі. Егер 2-3 ескертуден асса, материал жинап оларды Алматы қаласынының Алатау аудандық сотына жіберіледі. 2-3 ескертуден асып кетсе бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Іс-шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып жатыр.
Лаура АЛИМБЕКОВА,
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Алатау аудандық ПҚБ аға инспекторы,
әділет майоры