Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің іс–қимыл жасау қағидасын бекіту туралы ҚР ІІМ-нің 2014 жылдың 18 тамызындағы № 517 бұйрығының талаптарына сай 2022 жылдың 14-24 наурыз арлығында Түркістан қаласында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл «Пробация» ЖПІШ өткізу барысында Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет аға лейтененты Д.Мықтанбек пен Түркістан қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы мен бірлескен түрде тексеру жұмыстары жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сотталғандардың қайта қылмысты жасауының алдын алу мақсатында іс-шаралар атқарылды.
Он күндік «Пробация» ЖПІШ өткізу барысында Түркістан қалаласы бойынша пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұратын қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеуші 10 сотталғанның жаза өтеу тәртібін бұзған фактісі анықталды. Оның 2-і ескерту алды. Ал, 8-і сотталған бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныс Түркістан қалалық сотына жолданды.
– Біз Түркістан қалылық полиция бөлімінің учаскелік инспекторымен бірлесіп сотталғандарды пробация үйіне шақырып түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Ал, кешкісін бес сотталғанның тұрғылықты мекенжайы бойынша тексердік. Пробация жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – пробация қызметінде есепте тұратын қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындалған сотталғандардың жаза өтеу тәртібін бұзбауын және қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын алу. Сонымен қатар, пробациялық бақылаудан жалтарған, іздеу жарияланған сотталғандарды анықтау, – деп атап өтті Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтененты Д.Мықтанбек.