«Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының «Астана» алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысып, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін мереке екенін атап өтті.

«Әз Наурыз – береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы. Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматы қаласына арнайы келдім. Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталған. Алматы – Қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы», – деді Мемлекет басшысы.

Президент зиялы қауымның және өнер, білім, ғылым, бизнес салалары өкілдерінің Алматы шаһарында шоғырланғанына тоқталып, қаңтар оқиғасы кезінде қала тұрғындарының зор қауіп-қатерге төтеп бергеніне ерекше мән берді.

«Сын сағатта тұрғындар нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Біз ауызбіршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық. Мен шаһарды қалпына келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бердім. Алматыны өркендету және жергілікті жұрттың тұрмыс сапасын жақсарту менің айырықша назарымда. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр. Оны жүзеге асыруға алматылықтар барынша атсалысады деп сенемін.

Бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын. Алматы — Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы — қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Қаңтардағы террористер мен қаскөйлердің негізгі соққысы Алматыға тиіп, жазықсыз адамдар қаза тапты. Қала инфрақұрылымына үлкен залал келді. Дегенмен, алматылықтар, қайсарлық таныта білді. Мен сіздерге ризамын, мемлекеттілігіміздің бұрын-соңды болмаған қауіп-қатері алдында дүрлікпедіңіздер Алдымызда ауқымды реформалар күтіп тұр. Жаңа Қазақстанның құрылысы басталады. Біз жаңа елді, жаңа Қазақстанды міндетті түрде құрамыз және біздің қолымыздан бәрі келеді», — деді Президент», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызға тоқталып, өзінің халыққа Жолдауында айтылған көлемді реформалар елімізді түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.

Президент бүгінгі мерекелік күннің жаңа өзгерістерге бастауына, тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміздің жасай беруіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінен кейін жиналған жұртшылықпен бірге мерекелік концертті тамашалады.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.