12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің бастауы

Ұлттың тілі – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ең бастысы мемлекеттік тіл жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші. Сондықтан мемлекеттік тіліміз қазақ тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі екені айқындалып келеді. Соның айғағы соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тіліміздің мәртебесі көтеріліп келе жатқанын байқаймыз.

Дегенмен бұған халық та, жалпы жұртшылық та атсалысу керек. Себебі мемлекеттік тілімізді қоғамның барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндеті мемлекеттік тілде сөйлеу екенін ұққанда мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру жолындағы жұмыстар да нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеміз! Сондықтан мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстармен бірге халықтың да қазақ тілін қолдануға қатысты ынтасы маңызды.

Жалпы қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдар қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда. Басты мақсат – тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы мақсатта сот саласында да ауқымды жұмыстар жасалуда. Сот жүйесінде барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалуда. Сот ісін жүргізуде басымдық мемлекеттік тілге беріліп, оған деген талап күшейтілуде.

 Қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымызбен, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы» 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болуы тиіс. Осыны ұмытпауымыз керек.

Бүгінгі таңда сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару, жүйені қоғам талабына сай үнемі жетілдірумен бірге мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, қазақ тілінде сот ісін жүргізу мәселелеріне де айрықша көңіл бөлінуде.

А. Т. Құспантай, Медеу ауданының №2 аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...