Алматыда бірнеше көшені су басты

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне қаладағы аудандарды су басқаны туралы 15 хабарлама келіп түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жаңбыр жауып, ауа райы нашарлайтыны туралы ескертуден кейін 18 наурызда сағат 9:45-те 112 желісіне 15 хабарлама түскен.

Алатау ауданынан — 4 хабарлама, Жетісу ауданында — 5, Алмалы — 2, Бостандық, Медеу, Түрксіб, Наурызбай — бір-бірден. Барлық мекенжайда мердігер ұйымдар, аудандық Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр.

Тек Райымбек даңғылы бойындағы №230 үй маңындағы су басқан бір учаскеде «Алматы Тазалық» (үш техника, екі мотопомпа және 14 адам) күшімен 35 текше метр су шығарылды. Қазіргі уақытта қауіп жойылды, жағдай тұрақталды. Көшеде мониторинг жалғасып жатыр.

Наурыздың басынан бері Алматыда 87 миллиметр жауын-шашын түскені атап өтілді. Бұған дейін қалада жауын-шашыннан кейін жергілікті су басу бойынша 14 факт тіркеліп, әкімдіктер мердігер ұйымдары мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті барлық деректі жойды. 

Арычный цейтнот

В ЭТИ ДНИ КИПИТ НЕ ТОЛЬКО ПОГОДА. В АЛМАТЫ...

Алматыда қоғамдық тұрақтылық пен қылмыстың алдын алу басты мақсат!

Алматы қаласында «Қауіпсіз қоғам» қағидасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар...

МЯТЕЖНЫЙ ПРОКУРОР, ОБВИНЕННЫЙ В «ПРАВОМ УКЛОНЕ» И «НАРУШЕНИИ РЕВОЛЮЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ»

(Джамбейты-Жымпиты, 1929-1930 гг.) Светлой памяти помощника прокурора Б. Нурмухамедова Аннотация. В...

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.