Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде де телеарналардан тыңдалып, зерделенді.
Жолдауда қандай бағыттар көрсетілсе де, ішкі немесе сыртқы саясат не әлеуметтік-экономикалық мәселелер, құқық пен руханият болсын барлығы бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты игілікті мақсаттарды бейнелейтінін ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов сараптап, Президент Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді атап өтті.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД.