12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ашық көрсеткіштік сот отырысы

2022 жылдың наурыз  айының  11-інде Шығыс Қазақстан облысы  бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Үржар аудандық №1 пробациялық қызмет бөлімінің есебінде бас бостандығын шектеу жазасын өтеуші Қанат есімді азаматтың  жаза түрі, аудандық сот қаулысымен   бас  бостандығын  айыру  жазасына ауыстырылды. Аталған азматқа қатысты сот отырысы ашық түрде барлық  санитарлық талаптарды сақтай отыра өткізіліп, пробация қызметінің есебіндегі өзге де сотталған азаматтар қатыстырылды.

Қанат 2021 жылы өзінің жеке басы қызығушылығын тоқтата алмай  С. есімді жәбірленушіге тиесілі асыл тұқымды иттің күшіктерін ұрлайды. Бұл үшін Үржар аудандық сотының Үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2,3 тармақтарымен  кінәлі деп табылып 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Пробация қызметінің есебіне алынғанан кейін Қанатқа жаза өтеу тәртібі таныстырылып,   профилактикалық жұмыстар жүргізіле отырып, оған құқытық-әлеуметтік көмектер көрсетілуі үшін тиісті органдарға жолданды. Алайда жаза өтеуші өзімен  жүргізілген тәрбие жұмыстарынан дұрыс қорытынды шығармай, жаза өтеу тәртібін  және  өзіне сот жүктеген міндеттерді бұза отырып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  пробация қызметі тарапынан да бірнеше ескертулер алған. Осы себептерге байланысты пробация қызметінің   сотқа жолданған ұсынысына сай бас бостандығының  өтелмеген  қалған бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сотталғандарды қатыстыра отырып ашық көрсеткіштік сот отырыстарын өткізу сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Бауыржан ЕРДЕНБЕКОВ,

ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет майоры

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...