Петропавл әуежайы сатылымға шығарылды

16 наурызда Петропавл әуе айлағы сатылымға шығарылды. Өтінімдер 15 күн бойы қабылданады. Әуежайдың бастапқы құны — 5,6 миллиард теңге, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет бұл ақпаратты растап, жергілікті биліктің әуежайды неге сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдағанын түсіндірді.

«Республикада 15-тен аса әуежай бар. Олардың жартысына жуығы сенімгерлік жолмен немесе мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы басқарылады. Біздің әуежай министрліктер қарамағында, яғни мемлекеттік меншікте болды (ҚР ИИДМ, ҚР ҚМ). Одан әрі кәсіпорын банкротқа ұшырады, әкімдік барлық мүлікті осы кәсіпорыннан сатып алды. Енді әкімдік осы мүліктік кешенді бәсекеге қабілетті ортаға беру үшін әуежайды жекешелендіріп, сенімгерлік басқаруға беруге тырысып жатыр. Яғни, нысан инвесторды қызықтырса, онда даму және инвестициялар бойынша шарттар жасалады, сөйтіп, ол қатыса алады (сауда-саттыққа)», — деді Мақсат Баяхмет.

Шенеунік әкімдік бюджеті есебінен әуежайды дамытуға неге көңіл бөлінбейтінін түсіндірді.

«Мүлікке қатысты қарыз жоқ. Әуе кеңістігі туралы заңнамаға сәйкес рұқсат беру құжаттарын алу қажет: лицензия, қауіпсіздік сертификаты. Мұның бәрін қамтамасыз ететін қолданушы ретінде сертификатталған болу керек. Инвестор үш жыл ішінде инфрақұрылымды 1,5 миллиардқа жақсартуы қажет», — деді әкімдік өкілі.

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет 

Бұл сомаға Петропавл әуе айлағын қажет техникамен толық жарақтандыру, әуежайдың кейбір ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу кіреді. Бұл мәселелер шешілмейінше, болашақ иесі нысанды жекешелендіре алмайды. Ал электрон сауда-саттыққа қатысу құқығына ие болу үшін оның шотында кемінде 800 миллион теңге болуы тиіс. Әуежай сатып алушысында тек ақша емес, сонымен қатар қазір жетіспейтін білікті мамандарды жұмысқа тарту жоспары болуы керек.

«Бізде авиациялық тәжірибесі бар қызметкерлер, кейбір мамандар жетіспейді. Дипломы бар мамандар жоқ. Яғни, қазір жүзеге асырылатын рейстерге арналған қызметкерлер саны жеткілікті, бірақ одан әрі дамытып, штатты ұлғайту үшін бәсекеге түсетіндей жалақы белгілеу керек. Бұл қызметкерлер түнгі уақытта да жұмыс істеуі үшін қажет», — деді Баяхмет.

Қазір Петропавл әуежайында 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Техникалық қызметкерлер 60 мың теңге, басшылық лауазымдардағы мамандар 150 мың теңге алады. Бүгінде СҚО облыс орталығынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшуға болады. Олар — субсидияланған рейстер.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.