12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әлемді кітап оқығандар басқарады

Соңғы жылдары қоғамның кітап оқуға деген ынтасының төмендегені байқалады. Әсіресе, балалардың әдеби кітаптан гөрі гаджеттерге, әлеуметтік желілерге уақыт бөлетіні рас. Осы мәселеге алаңдап, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, жалпы елде кітап оқу дағдысын жандандыру мақсатында «Шұғыла» қоры мен «Дария» даму орталығының ұйымдастыруымен елімізде «Тұлға болам» кітап оқу сайысы биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Сайысқа қатысу үшін 10 нау­рыздан 9 сәуірге дейін арнайы сайтқа тіркелу керек. Осы аралықта кітап оқып, оны қаншалықты меңгергенін дәлелдей алғандардың Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch жəне басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алуына мүмкіндік бар.
Жалпы, кітап оқу сайысы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтеді. Сондай-ақ, «Тұлға болам» атты кітап оқу сайысы республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының және демеу­шілердің қолдауымен өтуде. Сайысқа барлығы 4 оқушылар тобы және 1 ересектер тобы қатысады. Əр топтың кітабы және жүлдесі бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктері кітабын оқып жарысады. Қатысушылар 3 кезеңде 3 кітапты оқып бітіруге тиіс. Әр кезеңнің соңында кітап бойынша онлайн-тест өтеді. Осыған дейінгі өткен сайыстарда 100 мыңдай сайыскер тіркелсе, ұйымдастырушылар енді аталмыш шараның аясын кеңейтіп, қатысушылар санын еселеп көтеруді мақсат етіп отыр.
«Dacomotors» ЖШС құрылтайшысы Сырымбек Тау: «Джон Карнеги әлемде 3200 кітапхана ашқан. Халықты кітап оқуға үндей отырып АҚШ-тың дамуына, өркениетіне үлкен үлес қосқан. Біздің де мақсатымыз – кітап оқуды жандандыра отырып елімізде саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру. Бұл бастамамыздың нәтижесін осы шараға қатысушылардың саны миллионға жеткенде көре аламыз деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін әлемді кітап оқыған адамдар басқарды. Кітап оқыған адамның сана-сезімі жүйрік, ойы озық болатынын дәлелдей отырып, сондай адамдарды қоғамымызда қалыптастыра алсақ мақсатымыздың орындалғаны. Сондықтан шараның ауқымын кеңейтуге тырысып жатырмыз. Былтыр екінші сайысымызға 108 мың адам қатысқан екен. Биыл кеңінен насихаттау арқылы қатысушылар санын көбейтуді ойлап отырмыз. Сайтымыз арқылы республикамыздың кез келген өңірінен қалаған адам қатыса алады. Бір айда бір кітап береміз, оқып біз дайындаған сұрақтарға белгіленген уақытта тез әрі нақты жауап беріп үлгерсе болғаны» дейді.
Өткен маусымның бас жүлдегеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер берілгенін, биыл да жүлде қоры қомақты екенін ескерсек, ұйымдастырушылардың бұл шараға жанын салып кіріскенін байқаймыз.
«Дария» даму орталығы директорының орынбасары Бақытжан Асқаров атап өткендей, сайысқа қатысу тегін. Ол үшін алдымен tulgabolam.kz сайтында тіркелу керек. Қатысушылардың жасына да шектеу қойылмайды.

Қуаныш Ермекова

ҚазҰУ-дың еліміздегі  білім мен ғылымды дамытудағы рөлі

   әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -Қазақстандағы жетекші жоғары...

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл!

  Қазақ ұлттық университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)- Қазақстанның білім...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Сапалы білім-қоғам дамуының негізі

Сапалы білім – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі....

Ориентир для развития

В ежегодном Послании народу Казахстана Глава государства говорил о...