12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ажырасу – бала психологиясына ауыр соққы

Соңғы жылдары ажырасу процестері бойынша республикалық статистикалық мәліметтер көңіл жұбатарлықтай емес. Оның салдарынан туындайтын даулар аз болмай тұр. Бұған сотқа түскен талап қоюларға талдама жүргізу арқылы көз жеткізуге болады.
Өкінішке қарай, көп жағдайда ерлі-зайыптылар ажырасуды барлық мәселенің түбегейлі шешімі деп қабылдайды. Бірақ бұл процедураның балаларға ауыр тиетінін ескере бермейді. Осы орайда, неке-отбасы қатынастарынан туындайтын дауларды «бір терезе» қағидатымен шешуге бағытталған «Отбасылық сот» атты жаңа жобаның жұмысы жайлы сөз қозғағым келеді.
Жоба 2021 жылдың 11 қазанынан кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жұмысын бастады.
Жоба азаматтарды отбасын сақтап қалуға, дауды балаларды моральдық күйзеліске ұшыратпай шешуге шақырады. Судьялар жоба аясында халыққа практикалық тұрғыдан көмек көрсетеді. Бұл ретте судья дау­ды мән-жайы бойынша шешіп қана қоймай, отбасын сақтап қалу мен ерлі-зайыптыларды ортақ мәмілеге келтіріп, татуласуы үшін шара қолданады.
Ал ортақ мүлікке байла­нысты дауларды қарауда тараптармен әңгімелесу медиатордың қатысуымен жүргізіледі. Істі қарауға дайындау барысында судья кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылармен психологтың қатысуы арқылы әңгімелеседі.
2021 жылы жоба қабылданғаннан кейінгі 2,5 айдың ішінде неке-отбасы қарым-қатынастарынан туындайтын даулардың басым көпшілігі татуласумен реттелді. Осы кезеңде 1353 талап қою келіп түскен, оның 784-і қаралып, аяқталған. Аяқталған 496 іс бойынша тараптар медиативтік келісімге келу арқылы татуласқан, яғни, 496 ерлі-зайыпты даулы мәселеден бас тартты. Бұл даулардың сотқа жетпей реттелуі, пилоттық жобаның тиімділігінің бір көрінісі.
Биылғы жылдың екі айында аталмыш жоба аясында 430 іс­тің 181-і бойынша (42%) тарап­тар бейбіт келісімге келді. Одан бөлек, балалардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша 16 және ортақ мүлікті бөліске салу бо­йынша 14 медиативтік келісім бекітілген. Демек, жобаның ар­қасында тағы 30 дау сотқа жетпей шешілді. Бұл көрсеткіштер санаулы уақытта 500-ден астам отбасының неке қатынас­тарынан туындаған дауларды моральдық күйзеліссіз, бітімге келу арқылы реттегенін айқындап отыр.
Қоғам игілігі мен отбасы сыйластығын қалпына келтіруге бағытталған «Отбасылық сот» жобасының жұмысы сәтті болары сөзсіз.

Ботагөз Баянова,
Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...