ІІМ полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде неліктен қару қолданғанын түсіндірді

Ішкі істер министрлігі полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде неліктен қару қолданғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Марат Ахметжанов 19 қызметкер қаза тапқанын атап өтті. 

«3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші жарақат алды. Көптеген қызметкер әлі де ем алып жатыр. Біразы денсаулығына байланысты болашақта қызметтерін жалғастыра алмайды. Сондықтан, қызметкерлер төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды», — дейді министр Мәжіліс отырысында. 

Ахметжанов қару қолдану «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 61-бабына сәйкес жүзеге асқанын айтады.

Оның ішінде:

— азаматтарды қорғау;

— қызметкерлерге және күзету объектілеріне жасалған шабуылға тойтарыс беру;

— қару мен арнайы көліктерді басып алуға жол бермеу;

— және қарулы адамдарды ұстау мақсатында қолданылды.

Одан бөлек, бүгінде полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр.

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.

Қазақстанда кедейлер саны бір жылда 10%-ға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табысы нақты күнкөріс минимумынан (64,2 мың теңге) төмен азаматтар 173 мың отбасын құрайды.

Елорда күнінде Астанада 24 сәби дүниеге келді 

Елорда күні Астанада 24 сәби дүниеге келді.

Әлем чемпионаты: Испания мен Бельгия ширек финалға жолдама алды 

Айта кетейік, Испания құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында 2010 жылғы чемпиондық жорығынан кейін алғаш рет өнер көрсетпек.

“Астана – егемен еліміздің жүрегі“. Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Ресми...