12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Цифрландыру — кешенді өзгерістер драйвері

Қазіргі заманда цифрлы технологияның экономикалық дамудағы ролі арта түсуде. Жалпы цифрландырудағы жаһандық тренд пен халықаралық тәжірибе бүгінде ғаламторлық экономиканың дамыған елдерде жыл сайын 25 пайызға өсіп бара жатқанын көрсетіп отыр. Қазіргі таңда бір мезетте 35 млрд құрылғы ғаламторға қосылып, ақпараттар алмасуын жүзеге асырады. Бұл көрсеткіш әлемдегі жалпы тұрғындар санынан 5 есе көп.
Цифрлық революция біздің көз алдымызда дамуда. Бұл өзгерістер – соңғы жылдары әртүрлі салаға енгізілген жаңалықтардың нәтижесі. Өндіріс пен қосымша құн алу әдістері түбегейлі жаңғырып, білімге, адамдардың еңбек дағдыларына жаңа талаптар дүниеге келді. Өнеркәсіптік ғаламтор заттары өндірістің икемді және ақылды мүмкіндігін пайдаланып, өнімділіктің қарқынды өсімін қамтамасыз етуде. Жасанды интеллект қаржы және медицина секілді консервативті салаларда да енгізілуде. 3D-баспасы технологиясы авиация, логистика, биомедицина және автомобильдік өнеркәсіп секілді салалардың өзгеруіне ықпал етуде. Блокчейн ақша жүйесінің жаһандық өзгерісін жасау­дың барлық артықшылықтарын иеленіп отыр.
Тоқетерін айтқанда, цифрландыру қарқыны өсіп бара жатыр. Әлем елдері цифрландырудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл көштің алдында тұрғандар – Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Дания. Канада коммуналдық технология инфрақұрылымының хабын құрып жатса, Торонто, Сингапур «ақылды экономиканы» қалыптастыруда. Оңтүстік Корея «креативті экономика» бағдарламасында адам капиталын, кәсіпкерлікті дамытуға бейімделуде. Дания мемлекеттік секторды цифрландыруға ұмтылып отыр.
Қазақстанда да жүзеге асырылып жатқан цифрландыру бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу үшін цифрлы экожүйені жаңа сипатта дамыту, экономика мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту. Бұл өнеркәсіп пен электроэнергетика, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру, «ақылды» қалаларды дамыту, байланыс желілері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияның инфрақұрылымын кеңейту, тұрғындардың цифрлық білімін көтеру, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, инновацияға сұранысты қалыптастыру, тағы басқа басым бағыттардың айқындалуына алып келді. Осы тұрғыда 17 бастама түзіліп, 100-ден астам шара өткізілді.
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, цифрландыруды барынша тиімді, қолайлы және пайдалы ету мақсатында Цифрлық офицерлер институты құрылып, былтыр цифрландыруға жауапты вице-министрлер үшін (CDO) тиісті KPI енгізілді. Әсіресе, бүгінгі жағдайда CDO – инновациялық және технологиялық экономиканы қалыптастыру жолында жүйелі өзгерістердің драйвері. Олар өздері қадағалайтын салаларда, яғни ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және тағы басқа салаларда инновацияларды енгізіп, жаһандық трендтерден қалмай, құзіреттіліктің технологиялық орталықтары мен инновациялық экожүйені қалыптастырып, міндеттерді жүзеге асыру үшін отандық стартаптарды тартып, халықаралық BigTech компаниялар мен отандық ғылыми қауымдастықтың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы тиіс.
Елді мекендерді интернетпен қамту, байланыс сапасын арттыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында да біраз жұмыс атқарылды. Республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында сыналып жатқан 5G жаңа буын технологиясын биыл осы қалаларда коммерциялық қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Өткен жылдардың қорытындысы бойынша 1257 ауыл талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) арқылы кең жолақты интернетпен, 928 елді мекен мобильді КЖҚ қамтылды.
Байланыс сапасын арттыруға да баса назар аударылуда. Былтыр 611 елді мекенде мобильді КЖҚ жақсартылса, биыл 157 ауылдағы интернет сапасын арттыру жұмыстары жоспарланған. 2021 жылы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп мамандары байланыс сапасы бойынша 562 тексеріс жүргізіп, бекітілген параметрлерді бұзғаны үшін байланыс операторларына 132 млн теңге айыппұл салынды. Бұл орайда биыл сапасыз байланысқа айыппұл көлемін 1500 ЕАК дейін көтеру жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Каспий теңізінің түбінде ТОБЖ салу жұмыстары қолға алынды. Бұл – біздің елімізді Еуразия орталығындағы цифрлық хабқа айналдыру жолындағы маңызды және ауқымды жобалардың бірі. Сондай-ақ былтыр Қазақстан +997 телефондық кодын резервке алған болатын, бірақ әлі де +7 аймағында қалу мүмкіндігі бар. Осы бағытта ЦДИАӨМ мамандары ресейлік тараппен және Халықаралық электр байланыс одағымен тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, бизнес-процестерге реинжиниринг жасау жұмыстары да қарқынды жүруде. Бұл орайда 110 бизнес-процеске сараптама жасалып, қажетсіз үдерістер анықталды. Қазір өзекті процестерді цифрлау басталды, оң нәтижесі де байқалуда.
Бүгінгі таңда бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтер проактивті түрде көрсетіледі. Бірақ, министрдің айтуынша, барлық қызметтер проактивті форматта ұсынылуы тиіс, яғни азаматтар түрлі мекемелерге жүгініп, табан тоздырмауы керек. Осы бағытта министрлік 2022 жылы тағы 20 проактивті қызмет енгізуді жоспарлап отыр.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...