Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына 451 миллион теңге берілді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне қаза тапқан 19 және ауыр жарақат алған 106 қызметкердің отбасы мүшелеріне көмек ретінде материалдық төлемдерді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қор сайтына сілтеме жасап.  

Төлемдер мемлекеттік органдардан алынған ресми тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Бұл санаттағы жәбірленушілерге арналған төлемнің жалпы сомасы — 451 миллион теңге.

Еске салайық, бұған дейін Қамқоршылық кеңес Қор басқармасына қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне белгіленген сомаларды төлеуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, кеңеске адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қорға ұсынған тізімдерінен кездейсоқ зардап шеккен азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдармен бірлесіп пысықтау тапсырылды.

Қор уәкілетті мемлекеттік органдардан тиісті ресми мәліметтер алғаннан кейін осы санаттағы қаза болғандардың туыстарына төлемдерді жүргізуді бастайды.

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.

Қазақстанда кедейлер саны бір жылда 10%-ға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табысы нақты күнкөріс минимумынан (64,2 мың теңге) төмен азаматтар 173 мың отбасын құрайды.

Елорда күнінде Астанада 24 сәби дүниеге келді 

Елорда күні Астанада 24 сәби дүниеге келді.

Әлем чемпионаты: Испания мен Бельгия ширек финалға жолдама алды 

Айта кетейік, Испания құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында 2010 жылғы чемпиондық жорығынан кейін алғаш рет өнер көрсетпек.

“Астана – егемен еліміздің жүрегі“. Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Ресми...