Ұлттық банк теңгенің валюта нарығындағы жағдайы туралы мәлімдеме жариялады

Ұлттық банк теңгенің валюта нарығындағы жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық Банк әлемдік қаржы нарығындағы жағдай аса тұрақсыз болып қалатынын басып айтты.

«Еуропадағы қақтығыстың тез арада шешілмей, жағдайдың ушығуы валюта және қор нарығына қатты әсер етеді», — делінген хабарламада.

Ресей рублінің жағдайы не болады?

«Халықаралық активтерге қатысты санкциялар Ресейдің орталық банкін валюталық интервенция жүргізу мүмкіндігінен айырды. Енді бағамды тұрақты қылу үшін Ресей Қаржы министрлігі резидент экспорттаушыларды ішкі нарықтағы валюталық кірістің 80 пайызын сатуға міндеттеді. Сонымен қатар, енгізілген санкциялар мен ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен алып тастау валюта нарығын резиденттердің қатысуымен ішкі нарыққа және жаһандық нарыққа бөлді. Олардың арасындағы баға белгілері әртүрлі екенін ескерген жөн. Кеше Мосбиржадағы рубльдің биржалық бағамы бір доллар үшін 105 рубль деңгейіне дейін көтерілді», деп атап өтті Ұлттық банк.

Рубльдің ұлттық валютаға әсері

Ұлттық банк мәлімдемесінде Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі екені және теңге бағамына рубльдің әсері бары айтылған. 

«Жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін Қазақстан қор биржасында доллар-теңге валютасы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өткізілді. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық банктің валюталық интервенциялары 98,1 миллион долларды немесе бір күнгі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 61,5 пайызын құрады. 1 наурыздан бастап сауда-саттық штаттық режимде өтеді. 1-5 наурыз аралығында валютаға сұраныстың артуына байланысты Ұлттық банк 534,3 миллион доллар сатты, бұл жалпы сауда көлемінің 60 пайызын құрайды», — деп қорытындылады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.

Қазақстанда кедейлер саны бір жылда 10%-ға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табысы нақты күнкөріс минимумынан (64,2 мың теңге) төмен азаматтар 173 мың отбасын құрайды.

Елорда күнінде Астанада 24 сәби дүниеге келді 

Елорда күні Астанада 24 сәби дүниеге келді.

Әлем чемпионаты: Испания мен Бельгия ширек финалға жолдама алды 

Айта кетейік, Испания құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында 2010 жылғы чемпиондық жорығынан кейін алғаш рет өнер көрсетпек.

“Астана – егемен еліміздің жүрегі“. Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Ресми...